
2022 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдарында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде және жүзеге асыру аясында балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу мақсатында Балалар жылына арналған «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Биыл министрліктің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Мектепке жол – шекарасыз ізгілік» ұранымен жүзеге асырылады.
Осыған орай, жыл сайын өтетін бұл іс-шараны тиісті мәнінде өткізу үшін аудандағы шағын және орта бизнес өкілдерін, меценаттарды, ауыл азаматтарын акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен балаларға өз мүмкіндіктерінше қолдау көрсетіп, қолұшын беруге шақырамыз.
«Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі» демекші акция барысында қолұшын созып, болашақ ұрпаққа қамқорлық танытатын жандар көп болғай.