
«DIGITAL TEACHER»
26-28 мамыр аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы информатика, робототехника мұғалімдері, инженерлер мен информатика кабинетінің зертханашыларына арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру хакатонын өткізген болатын .
Іс-шара білім беру саласында АКТ пайдалануды насихаттау, жаңа технологияларды қолданатын мұғалімнің имиджін қалыптастыру; жас белсенді IT-әзірлеушілерді анықтау мақсатында өткізілді.
Осы сайыста Сәтбаев қаласының мектептерінің қатысушылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
«DIGITAL TEACHER – 2022 » білім беру Хакатонында 2 орынға ие болған "Абай атындағы №4 мектеп-лицейі" КММ нің мұғалімдері Капарова Бакытжан Кайратовна және Қалмағанбет Гүлжан Айтуғанқызы.
1 орынға ие болған №27 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Елеусизова Карлыгаш Смаиловна, және Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия мұғалімі Сутемгенова Салтанат Ибрагимовна.
Және де Бас Жүлде иегері №27 жалпы білім беретін мектебінің инженері Сейтмаганбетов Данияр Бейсенович.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым жетістіктері көп болып, білім шыңының биік белестерінен көріне беруіне тілектеспіз!