
№19 мектеп-лицейінде бүгін 23 ақпан күні қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, қайраткері Ыбырай Алтынсариннің құрметіне орай «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметінің құндылықтары» атты аймақтық фестиваль болып өтті. Фестивальдің ашылу салтанатына Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Абдикерова Б.Х., Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Акишбеков Б.Б., Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ директоры Оспанов М. Б., Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының доценті, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Роман Аймағамбетұлы қатысты.
Фестивальдің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларын педагогтердің оқыту үрдісіне енгізу тәжірибесімен бөлісуін ұйымдастыру, үздік тәжірибелерді насихаттау.
Фестиваль келесі бағыттарды қамтыды:
І бағыт «Менің педагогикалық тәжірибем» Мектеп педагогтерінің оқыту үрдісінде Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларын қолдану бойынша тәжірибемен бөлісуі;
ІІ бағыт «Функционалдық сауаттылық –білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары»
Педагогтің сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістерді қолдануы;
ІІІ бағыт «Тәрбие беру шебері»
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары бойынша сахналық қойылым бейнероликтері.
Барлығы фестивальға 30 жұмыс түсті. 1-2 бағыт бойынша 14 қатысушы, 3 бағыт бойынша 16 қатысушы қатысты. Қорытындылай келе «Менің педагогикалық тәжірибем. Функционалдық сауаттылық–білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» бағыттары бойынша
1 орын – Коныршина Ерсин Сериковна, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2 орын – Сагибаева Манар Абдумухашевна, Қарағанды қаласы, №101 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2 орын – Кузембаева Толкын Кабиевна, Сәтбаев қаласы, №7 ЖОББМ»КММ;
3 орын - Ахметова Гульденсин Елубаевна, Қарағанды қаласы, №101 мектеп-лицейі, 3 орын - Байкенова Молдир Болаткызы, Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ, 3 орын – Аширбекова Лаззат Кундакпаевна Сәтбаев қаласы №19 мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Тәрбие беру шебері» бағыты бойынша
1 орын Жексенбекова Жанар Тлеукаримовна – Шет ауданы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ
2 орын – Султанбекова Алия Қайыржановна, Қарағанды қаласы «№ 101 мектеп-лицейі» КММ; 2 орын - Естиярова Роза Абсалыковна Сәтбаев қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназия;
3 орын – Кулашева Нуркиса Сериковна, «№9 ЖОББМ»КММ; 3 орын – Есмағамбетова Қалдыкуль Абикеновна, Сәтбаев қаласы « №15 ЖОББМ» КММ; 3 орын – Жаңабергенова Інжу Маралбекқызы, Сәтбаев қаласы, «№19 мектеп-лицейі»КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Өз тәжірибесімен бөліскен барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!