Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі басталды. Олимпиада 16 пән бойынша 14 -22 ақпан аралығында өтеді. Олимпиаданың алғашқы күні "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми- практикалық орталығының әдіскері Шынат Б.Ш және Сәтбаев қаласының білім бөлімінің басшысы Акишбеков Б.Б қатысушыларды олимпиаданың басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 270 оқушы қатысады деп жоспарланды. 14-18 ақпан бойынша жалпы қорытындылайтын болсақ: биология, информатика пәндері бойынша 29 оқушы; физика, математика пәндері бойынша 44 оқушы; химия, география пәндері бойынша 31 оқушы; қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, құқық негіздері пәндері бойынша 45 оқушы қатысты. Олимпиаданың өткізілу тәртібі толығымен түсіндірілді. Олимпиада аяқталысымен жұмыстар сканерленіп, қазылар алқасы қорытындысын шығарып, нәтижелері білім бөлімінің сайтында хаттамаланып жүктелді. Олимпиаданың жеңімпаздары алдағы болатын облыстық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!