«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ барлық білім беру мекемелерінде ақпан айының 7-12 аралығында «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы басталды. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын және құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат тұтқан апталықтың ашылуына арналған жиын аптаның алғашқы күндерінде болып өтті. Мектеп қабырғаларында ақпараттық стенд әзірленіп, «Құқықтық әлем – балалар көзімен», «Әлем балалар көзімен», «Мен әлемді саламын», «Менің отбасым», «Менің құқығым», «Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Білім беру мекемелерінде «Бала құқығы – асыл қазына», «Бала құқығын қорғау», «Көмек сұрап қайда бару керек?», «Мен өз құқығымды білемін», «Өз әлеміңді жаса», «Мен және менің құқықтарым» атты викториналық –танымдық ойындар ұйымдастырылып, «Менің құқығым бар» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.