
Бүгін Ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл толуына орай, «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығы аясында тарих пәні мұғалімдері арасында «Үздік тарихшы - 2021» қалалық байқауы өтті. Байқауға 6 педагог қатысты. Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Бас жүлде - Жұмабайқызы Жайдаркүл, «№16 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нің тарих пәні мұғалімі.
І орын - Жекенова Айнагуль Жаксыбайевна, Ы.Алтынсарин атындағы
«№19 мектеп-лицейінің» тарих пәні мұғалімі.
ІІ орын - Мұздыбай Әйгерім Нұрғалиқызы, “Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің” тарих пәні мұғалімі.
ІІІ орын - Ералиева Балзия Камбаровна, “№7 жалпы білім беретін мектебі” КММ – нің тарих пәні мұғалімі.
№9 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Жумадильдаева Гульнар Алмасбековна мен “№3 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Сүлейменова Мөлдір Болатбековнаға алғыс хат тапсырылды.
Сайысқа қатысушы жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаймыз!