«Сәтбаев қаласының білім бөлімі»ММ әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес білімінде «Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бейімделген білім беру бағдарламалары» тақырыбында білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинарда №27 жалпы білім беретін мектебі бастауыш сынып мұғалімі Алияскарова Зухра Садыкеновна мектептегі инклюзивті оқыту жағдайында білімінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында оқу бағдарламалары, жоспарлары, оқыту түрлері мен әдістерімен бөлісті. Жалпы оқыту бағдарламасының бейімделуі психологиялық-медициналық- педагогикалық комиссия ұсыныстары арқылы жүзеге асырылады және мазмұнын талдау және іріктеу, оқу әрекетін ұйымдастырудың түрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін пайдалану бағыттарын қамтиды.
Жеке білім беру маршрутын құру кезінде мұғалім оқушылардың қажеттіліктерін ескереді. Жұмыс барысында ол ерекше қажеттіліктері бар балаға арналған жұмыс дәптерін мұғалімдердің назарына ұсынды. Мұғалім оқушының өз іс-әрекетін реттеп, басқара білуіне, жалпылау, пайымдау қабілетіне көңіл бөледі.