ОҚЫРМАН ОТБАСЫ БАЙҚАУЫ

ОҚЫРМАН ОТБАСЫ БАЙҚАУЫ

 

Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып,  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау мақсатында білім беру ұйымдарында «Бір отбасы-бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» облыстық байқауының қалалық кезеңі ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтті.

Ұсынылған 30 кітап басшылыққа алынып, женімпаз оқырман отбасылары бейнеролик арқылы анықталды. Байқауға қала мектептерінен 14 отбасы қатысты.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлделі І орынға  Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің Серік отбасы,  ІІ орынға С.Сейфуллин атындағы гимназияның Бодыковтар, ІІІ орынға  №27ЖББМ Иманғалиевтер,  №1 мектеп-гимназияның Нуржановтар және №15 ЖББМ Найзабаевтар отбасылары ие болды.

Женімпаздарды құттықтаймыз!