Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

    Сәтбаев қаласының барлық білім мекемелерінде  «Қызғалдақтар» қыз балалар клубы жұмыс жасайды. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады.

   Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес  «Сәтбаев қаласының мектеп қабырғасында  «қыздар  клубы» және ата-аналар қауымымен дәстүрлі «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында дәстүрлі іс-шаралар өткізілуде. Іс-шараның мақсаты қыз баланың бойында рухани-адамгершілік, әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын, логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, тоқсанына екі рет жоспар бойынша «қыздар арасында» тақырыбында дөңгелек үстелдер, кездесулер, сырласу сағаттары өтеді. Кездесуге медицина қызметкерлері, мектептің әлеуметтік психологтары, «Аналар кеңесінің» мүшелері қатыстырылады.  

       Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Сондықтан да, қаламыздың  мектеп қабырғаларында дәстүрлі түрде жұмыс жасайтын «Қыздар клубы», "Аналар мектебінің" жұмысы  жылдан жылға жанданып,  мазмұны жаңара түсуі өте маңызды.

  Биыл «Қыздар клубының» іс-шаралары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтуде.  Жоспарға сәйкес «Бұрымды қыз», «Ал, қанеки, қыздар!», «Күз аруы 2021»  атты іс-шаралар жалғасын табуда.