
27 қараша күні №16 ЖББМ Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы кәсіби құзыреттілікті оңтайлы меңгергенін көрсететін шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау және қолдау мақсатында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Мақсаты дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын кәсіби біліктіліктерді оңтайлы игергенін көрсете алатын мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру болып табылады. Білім беру ұйымдарынан байқауға 45 (математика-19, физика-7, информатика-19) педагог қатысты. Шығармашылық байқаудың қалалық кезеңінің І орын алған мұғалімдер облыстық кезеңге барады.