15 қазан–кітапханашылар күні!

15 қазан–кітапханашылар күні!

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазіргі таңда кітапханашылар әлемдік деңгейдегі рухани, мәдени сауатты, еңбегі өте қарапайым және маңызды, жан- жақты білімді , өз міндетіне өте жауапты педагог. Осы орайда қаламыздағы білім ошақтарының кітапханашыларын кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен: Жукенова Салтанат Рахимбековна, Байтенова Роза  Шамуратовна, Турарова Ұлбала Бекзатовна марапатталды. Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ және «Сәтбаев қалалық білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы» бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби біліктілік танытқаны үшін Сарсекеева  Аккуль Тлеуовна, Рахимжанова  Венера Толеутаевна, Куйкабаева Казира Абильтаевнаға, Алпан Ақнұр Талғатқызына алғыс хаттармен  сыйлықтар табыс етілді.