1 қыркүйек- Білім күні

1 қыркүйек- Білім күні

Бүгін шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне қайта оралып, барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау үні естілді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1305 балғын үшін бұл күн айтулы мереке болды.
1 сынып оқушыларының алғашқы қоңырау мерекесіне арналған «Кел, балалар, оқылық!» сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулықтары салтанатты түрде табыс етілді.