Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жеңімпаздары

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының жеңімпаздары

   

        Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы жеңімпаздарын  құттықтады.
       Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында басталып өзге облыстар ZOOM платформасы арқылы қосылды. Қарағанды облысы командасын Қарағанды облысы білім басқармасы басшысы Г.Қожахметова құттықтап, марапаттады. Сәтбаев қаласынан осы марапаттауға республикалық кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2-ші орын алған  "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ-нің  11 сынып оқушысы Вафина Линара қатысты.  Ол жастайынан зерек, қабілеті зор, жан-жақты оқушы.  Оқушының жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрманова Акмарал Турганалиевна  Линараның бастауыш сыныптан тілге деген қабілетін  анықтап, қазақ тіліне деген қызығушылығын оятты. Оны  түрлі тілдік сайыстар   мен олимпиадаларға қатыстырып, қазақша ауызекі сөйлеу тілін дамытты. Қазіргі кезде мектеп бітіруші түлек математика мұғалімі мамандығын таңдап отыр, болашақта қазақ сыныптарында да жұмыс істеуді мақсат етеді. Вафина Линараны және оның жетекшісі Мейрманова Акмарал Турганалиевнаны жеңістерімен құттықтаймыз!