Біздің әжелеріміз бесік жырын қалай жырлады

Біздің әжелеріміз бесік жырын қалай жырлады

«Бірге оқимыз!» Инновациялық жобасы аясында 14 сәуір 2021 ж. Сәтбаев қаласындағы КМҚК «Құлыншақ» бөбекжайының музыкалық жетекшісі Әбдіқадыров Асхат Әбдіқадырұлы «Біздің әжелеріміз бесік жырын қалай жырлады» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық деңгейдегі мастер-класспен таныстырды.

Өзектілігі: бесік жыры балалардың әрі қарай дамуына көмекші болып қызмет етті және қызмет етеді, оларды тыныштандырады және әлемді білуге көмектеседі.

Мақсаты: бесік жырының мағынасын және кішкентай балаларды тәрбиелеуде әжелердің бесік жырын қалай қолданатынын бақылау.

Бесік жырын қолдану нәтижесінде бесік жыры баланың рухани әлемін байыту мен дамытудың негізі екенін көрсетті. Бесік жыры қазіргі уақытта өз маңызын жойған жоқ. Тәжірибелік жаттығулар балалардың осы жанрға деген қызығушылығын, бесік жырын тыңдауға және ән айтуға деген құштарлығын арттырды. Іс-шара барысында балаларда коммуникативті дағдылар, сыни ойлау, ұжымдық жұмыс, өз бетінше шығармашылық белсенділік қалыптасатыны байқалды.