Бір отбасы-бір кітап

Бір отбасы-бір кітап

«Бір отбасы-бір кітап» облыстық жобасы аясында «Оқырман отбасы» бөлімі бойынша Сәтбаев қаласының мектептері бірталай іс-шаралар жоспар бойынша атқаруда. Аталмыш іс-шараның мақсаты – Отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап оқу арқылы оқырман отбасын анықтау.

«Оқырман отбасы» бөлімінің балалар әдебиеті, поэзия, проза, әлемдік әдебиеті тармақтары бойынша әрқылы кітаптар оқылып, біршама оқушылар мен олардың отбасылары іс-шараға белсенді   түрде қатысты. Атап өтетін болсақ  №3 ЖББМ 4"Б" сынып оқушысы Серік Айзере отбасымен Мұқағали Мақатаев "Әже" шығармасын оқып, әнге салды. 12-сәуір күні  Қаныш Сәтбаевтың туған күні және  Қазақстан Ғылым  академиясының ашылғанына  75 жыл толуына орай Қазақстан ғылым академиясынның тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың артында қалған ғылыми мұралары мен 3-"А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Г.Қорғанбаева және кітапханашы Г. Байгенжина "Қазақтың Қанышы"тақырыбында адеби танымдық  тәрбие сағатын  өткізді. Осындай тақырыпта №1 мектеп-гимназияда Қ.И.Сатпаевқа  виртуалды кітап көрмесін ұсынды. Жыл басында «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-сінде 2021 жылдың «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Библиограф Түгелбаева Әсел кітап көрмесіне шолу жасап отырады.

№1 мектеп-гимназияның Махмутовтар отбасы қалалық Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапханада Тәуелсіздіктің 30жылдығына арналған 30кітаптың тізімімен танысып және сол шығармаларды басқа да отбасыларға оқуды ұсынды. Осы кітаптардың ішінде Махмутовтар отбасы Б.Соқпақбаевтың "Жекпе-жек " шығармасына құштарлығын арттырып,  авторыдың өмірі және шығармаларымен танысты.