
Сатпаев қаласы"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында республикалық "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Сәтбаев қаласының білім бөлімімен жоспар құрылып, қаңтар айынан 1-11 сыныптарға «Кітап әлемді бағындырады» атты акциясы жарияланды.
«Бір ел – бір кітап» 2021 акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітаптің» тізімін мектептер оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге онлайн шолу арқылы таныстырды.
"30 жылдыққа 30 кітап" тізіміне Сая Қасымбектің"Жанталас" кітабы да енген болатын. Осыған орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханашылары 9,11 сыныптың оқушыларын "Жанталас" пьесасы туралы бейне ақпаратпен таныстырды.
№9 ЖББМ мұғалімі Зинченко Г.А. 5-7 сынып оқушыларымен ZOOM режимінде "2021 жылдың мерейгер жазушылары" атты виртуалды шолу өткізді, ал оқушылар өткізілген іс-шара туралы пікірлерін бейне және аудио хабарламаларда жіберді. №1 мектеп - гимназия " Оқымайтын адам бір өмір сүреді, көп оқитын адам-өте көп...", 9-сынып оқушыларымен "Сүйікті кейіпкерлер аллеясы" терренкур өтті. Жоба аясында 1-4 сынып оқушыларымен " Балаға оқуға деген сүйіспеншілікті қалай жеткізу керек" тақырыбында ата-аналар консилиумы өткізілді. №15 ЖББМ-нің 5 «Б», «В» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы «Біздің мектептің электрондық кітапханасы» тақырыбы бойынша мектептегі электрондық кітаптарға акция көрмесін ұйымдастырды және пайдалы ресурстар, әртүрлі білім салалары бойынша сабақ оқулықтары, https://kitap.kz электронды әдеби кітаптар, материалдар көрсетілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспарланған іс-шаралар жалғасын табады.