
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік кинолентасы» фестивалі байқауы мәресіне жетті.
⚜ 2021 жылғы 12 наурызда жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында қашықтан «Тәуелсіздік кинолентасы» балалар киносы фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды: Фестиваль үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтті.
Облыстық фестивальға 70 жуық сұраныс қабылданды.
Атап айтар болса, байқауға Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сатпаев, Саран, Теміртау, Приозерск, Қаражал қалаларының және, Бұхар жырау, Шет, Нұра, Ұлытау аудандарынан, «№1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты», «№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты», «Жамбыл», «Дарын», «Нұрмақов» ат., «Озат», «Өркен» мамандандырылған мектеп интернаты оқушыларының жұмыстары қабылданды. Фестиваль 9 номинация бойынша өткізіліп, қазылар алқасы әр номинация бойынша үздік жұмыстарды іріктеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, төмендегі оқушыларымыз облыстық фестивальдің жеңімпаздары атанды:
«Музыкалық фильм» номинациясы бойынша:
1-орын АрыстанбековаӘсемай,«Абай атындағы №4 мектеп-лицейі»,Сатпаев қ.
2-орын- Болат Аяулым,Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы».
3- орын - Тулеутаев Жарас, «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» Сатпаев қ.
«Анимация» номинациясы бойынша:
3- орын – Назырбек Нурасыл, Школа-лицей №4 им.Абая», Сатпаев қ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!