Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру

Сәтбаев қаласының білім мекемелерінде «Инклюзивті білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде инклюзивтік оқыту жүзеге асырылуда. Қала бойынша 13 мектептің 2-уі тәжірибелік алаң (№25, №7), 10 мектеп магниттік мектеп ретінде ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік өмірге белсене қатысуына қолдау көрсетуде. Білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілікті талап ететін балалар саны – 218. Осы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары педагогтар және мамандар тарапынан жүргізіледі. Сонымен қатар тиімді түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға қосымша арнайы жабдықталған кабинеттер мен дидактикалық дамыту құралдары өте қажет.

Осы қажеттіліктерді басты назарға ала отырып, биылғы оқу жылында ерекше қажеттілігі бар балалардың жан жақты білім алуына, психологиялық жағымды орта қалыптастыру мақсатында №7, №25 мектептер «Сенсорлық кабинетпен» жабдықталды.

Психологиялық сергітудің сенсорлық бөлмесі – бұл түрлі ынталандыру түрлерінен тұратын,  жұлдызды аспан немесе сарқырама және көпіршікті тізбек сияқты әсер ететін  қоршаған орта.  Сенсорлық бөлмедегі мұндай жабдықтар адамның психологиялық жағдайына үлкен жағымды  әсерін тигізеді.