
Қарағанды облысы білім басқармасының "Сәтбаев қаласының білім бөлімі"ММ-нің ұйымдастыруымен 8-18 ақпан аралығында қашықтық форматында "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында қалалық әдіс алмасу семинары өтті. Мақсаты - тәрбие жұмысы бойынша сынып жетекшілер арасында әдіс алмасуын қамтамасыз етіп, ең жақсы жұмыстарды облыстық семинарларда ұсыну. Семинарға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер қатысты.
Бүгін білім бөлімінің мәжіліс залында семинардың қорытындысы талқыланып, барлық қатысушы ұстаздарға сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16-18 ақпан аралығында өткен "Мамандықтар әлемін ашамыз" форумына қатысқан жеңімпаз атанған командалар және жетекшілері 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!