
«Секіру күні» спорттық сағат технологиясы.
Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығы бастамасымен 15-19 ақпан аралығында Сәтбаев қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында "Балалар спорт әлемінде" атты дене шынықтыру – сауықтыру сауаттылығы апталығы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты балаларды, ата-аналарды және педагогтарды жалпы сауықтыру, ағзаның қоршаған орта факторларының зиянды әсеріне төзімділігін арттыру, болатын.
Апталық барысында «Карлсон балаларға қонаққа келді» йога элементтері қосылған таңғы жаттығулар жасалды. «Спорт балалар көзімен»- атты суреттер байқауы және «Қазына іздеуде» спорттық квест ата –аналар арасында ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Біз дәруменді қалай сақтадық» спорттық ойын-сауық ортаңғы топтармен жүргізілді.