
Сәтбаев қаласында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі «Тамыз кеңесі – 2026» аясында «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ-БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы мазмұнды әрі нәтижелі өтті.
Секция жұмысы жаңа оқу жылындағы білім берудің басым бағыттарын айқындауға, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға, заманауи педагогикалық тәсілдерді жетілдіруге және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне тиімді кіріктіруге арналды.
Бастауыш білім – баланың білім әлеміне бастар алғашқы баспалдағы. Сондықтан бүгінгі мұғалімнен тек білім беру емес, әр оқушының қабілетін танып, оның жеке оқу траекториясын қалыптастыруға бағытталған заманауи шешімдер ұсыну талап етіледі.
Секция барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектіні сабақта тиімді қолданудың нақты жолдарын ұсынды.
Қиянбекова Гульнур Сейтжановна, Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі, «Жаңа халықтық Конституция негізінде бастауыш сыныпта жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту»;
Есимсейтова Амина Аргинбековна, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі, «Жасанды интеллект – бастауыш сынып мұғалімдерінің көмекшісі»;
Балғабаева Әсел Зейноллақызы, №16 жалпы білім беретін мектебі, «Цифрлық бастауыш: жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне тиімді интеграциялау»;
Ажибаева Гулжаухар Пауединовна, С.Сейфуллин атындағы гимназия – «Алтын Арқа» курсын оқытуда жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдалану»;
Сәбет Айгерім Қуандыққызы, №7 жалпы білім беретін мектебі, «Жасанды интеллектімен бірге: бастауыш сыныптағы әр оқушыға тиімді жолын ұсыну»;
Панкова Елена Осиповна, Зудочкина Светлана Николаевна, С.Сейфуллин атындағы гимназиясы, «Применение активных методов обучения на основе искусственного интеллекта при изучении родного края».
Ахметова Сандуғаш Жомартовна, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі, «ИИ на службе учителя начальных классов: от идеи до готового урока» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.
Секция барысында ұсынылған баяндамалар мен практикалық тәжірибелер жасанды интеллектіні мақсатты әрі педагогикалық тұрғыдан сауатты қолдану, цифрлық мүмкіндіктерді оқу мақсатына бағындыру және әр оқушының білім алуына тиімді жағдай жасау бағыттарының маңызын көрсетті.
Өткен оқу жылында түрлі байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп, республикалық кезеңде жүлделі орын алған білім алушылардың ұстаздары Сәтбаев қаласы білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.