Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері жаңа оқу жылының міндеттерін талқылады

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері жаңа оқу жылының міндеттерін талқылады

«ТАМЫЗ КЕҢЕСІ – 2026»

2026 жылғы 26 тамызда «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің педагогтерімен секциялық отырысы өтті.

Кездесу барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы өзекті мәселелер, білім беру үдерісіне жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды енгізу, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру және білім сапасын жетілдіру бағыттары талқыланды.

Секция жұмысының бағдарламасында төмендегідей маңызды тақырыптар қамтылды:

-2026–2027 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы

әдістемелік нұсқаулық хат;

- жасанды интеллект арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу;

- орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолдану;

электронды білім беру ресурстарын оқушылардың ішкі мотивациясын арттыру құралы ретінде пайдалану.

 

Қатысушы педагогтер өзара тәжірибе алмасып, сұрақ-жауап форматында пікірлерімен бөлісті. Жиын қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.