Ағылшын тілі мұғалімдерінің тамыз секциялық отырысы өтті

Ағылшын тілі мұғалімдерінің тамыз секциялық отырысы өтті

2026 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қаласында «Тамыз кеңесі – 2026» аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қалалық секциялық отырысы өтті.

Секция «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, ағылшын тілін оқыту сапасын арттырудың заманауи жолдары талқыланды.

Жиында:

2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері қарастырылды.

ағылшын тілін оқытудағы белсенді әдістер;

жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды тиімді пайдалану;

грамматиканы меңгертудің заманауи тәсілдері;

бағалаудың тиімді жолдары;

AI қолдану этикасы және академиялық адалдық

Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектті сабаққа дайындықта және оқу үдерісінде мұғалімнің тиімді көмекшісі ретінде қолдану жолдарын көрсетті.

Секция соңында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Жиын қорытындысында құндылыққа негізделген білім беруді дамыту, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.

Заманауи ұстаз – жаңа мүмкіндіктерді меңгерген, білім сапасын арттыруға ұмтылған кәсіби тұлға!