
Өскемен қаласында өткен республикалық пікірсайыс турнирінің ағылшын лигасында Ұлытау облысының намысын қорғаған Сәтбаев қаласындағы С. Сейфуллин атындағы гимназияның «Аксиома» командасы III орын алды.
Команда жетекшісі — Абельдинова Дана Бахытбековна.
Қатысушылар дәлелді ой айту, шешендік шеберлік және ағылшын тілінде пікірталас жүргізу дағдыларын көрсетті. Команда мен жетекшісін жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.