Сәтбаев педагогі Дана Абельдинова «MUGALIM» деректі фильмінің кейіпкері болды

Сәтбаев педагогі Дана Абельдинова «MUGALIM» деректі фильмінің кейіпкері болды

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТ

Ұстаздар күні қарсаңында Астана қаласында өткен «MUGALIM» деректі фильмінің көрсетілімінде Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дана Абельдинова басты кейіпкері ретінде көпшілік назарына ұсынылды.

«MUGALIM» жобасы арқылы ұстаздық мамандықтың мәні мен мәртебесі, педагог еңбегінің қоғамдағы маңызы кеңінен көрініс тапты. Дана Бахытбекқызының аталған жобаға қатысуы – оның кәсіби ізденісі мен педагогикалық еңбегінің лайықты бағалануының бір көрінісі.

Дана Абельдинова өз сөзінде деректі фильмге қатысып, жобаның бір бөлігі болғанына ризашылығын білдіріп, фильм арқылы ауыл ұстаздарының кәсіби ой-өрісіне серпін беріп, жаңа идеяларға жол ашуға үмітті екенін жеткізді.

Ұстазымыздың осындай ауқымды жобаның басты кейіпкері ретінде танылуы – қаламыз үшін қуанышты жаңалық.

Дана Бахытбекқызына шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!

Ұстаздық жолындағы еңбегі жемісті болып, жаңа бастамалары толағай жетістіктерге ұлассын!