Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

21 қаңтарда №16 жалпы білім беретін мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткізілді. Олимпиаданың қалалық кезеңіне 356 оқушы қатысып, 134 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Қалалық кезеңнен жүлделі орын алған оқушыларды алғыс хаттармен, орындармен Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы, әдістемелік кабинет меңгерушісі Жунусова Айгуль Дүйсекеевна, білім бөлімінің әдіскерлері Макишева Эльмира Иосифовна, Джарасова Қымбат Мырзатаевна марапаттады. І орын алған 36 оқушыға алтын медаль, ІІ орын алған 44 оқушыға күміс медаль, ІІІ орын алған 57 оқушыға қола медаль грамоталар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының қалалық кезеңінінде «ҮЗДІК ОЛИМПИАДА КОМАНДАСЫ-2025» анықталды. Жалпы білім беретін мектептер арасында І дәрежелі дипломмен №27 жалпы білім беретін мектебі, ІІ дәрежелі дипломмен №16 жалпы білім беретін мектебі, ІІІ дәрежелі дипломмен №25 атындағы жалпы білім беретін мектебі марапатталады. Қалалық олимпиадада жалпы командалық есеппен инновациялық мектептер арасында: І дәрежелі дипломмен С.Сейфуллин атындағы гимназия, ІІ дәрежелі дипломмен Абай атындағы №4 мектеп-лицейі, ІІІ дәрежелі дипломмен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы марапатталды және кубок табысталды. Ісшарада Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері Жанкелді Ақниет пен Тутай Кәусардың орындауында «Кең далам» әні шырқалып, қазақ биі «Қамажай» биленіп, Балалар өнер мектебі «Жігер» халық аспаптар оркестірі Абылайханның «Шаңды жорық» күйі орындалды. «Елім деп соқсын жүрегім» әні Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайының әншісі Зәйни Еламанның орындауында айтылды.