
Астана қаласында республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы-2025” бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өткізілді. №3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Сауле Гайнетденовна қатысып, “Математикалық сауаттылық” бағыты бойынша “YouTube желісінде кең таралған бейнематериалы үшін” арнайы номинациясымен марапатталды. Әріптесіміз республика бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 47 педагогтің тізімінде енді. Сауле Гайнетденовнаны жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби өрлеуде шығармашылық табыстар тілейміз!