«Тандем» жобасы аясында педагогтер серіктестігі: үздіксіз даму үшін тәжірибе бөлісу

«Тандем» жобасы аясында педагогтер серіктестігі: үздіксіз даму үшін тәжірибе бөлісу

«Тандем» жобасы аясында «Педагогтер серіктестігі: оқушының үздіксіз дамуын қамтамасыз ету» тақырыбында қалалық вебинар әдістемелік кабинет ұйымдастыруымен МДҰ әдіскерлері мен тәрбиешілеріне, бастауыш сынып педагогтеріне өткізілді.
Вебинардың мақсаты: «Тандем» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар жайлы озық тәжірибелермен бөлісу және педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету.
Вебинар барысында келесі тақырыптар талқыланды:
«Арт-терапия» – Жақыпова Ж.М., «Айналайын» бөбекжайы КМҚК тәрбиеші;
Сабақтастық және эмоционалдық дайындық: мектепке бейімделуді жеңілдету – Шахаева М.Е., №7 жалпы білім беретін мектебі КММ логопед;
«Бала тәрбиесінде бірлікте болайық» – Турабекова М.Е., «Нұрбөбек» бөбекжайы КМҚК тәрбиеші;
Мектепке дайын баланың негізгі белгілері – Жұмабек А.Х., №16 жалпы білім беретін мектебі КММ педагогі;
Мектепке дайындықтағы дамытушы кеңістікті қалыптастыру – Кажекова М.Ж., «Ақбота» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі;
«Қарапайым тәсілдермен – белсенді сынып» – Асанова А.А., Корганбаева Г.Б., Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ;
Серіктес мұғалімдер – сапалы білімнің негізі – Рахметова Г.Т., Барекенова Ж.А., Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі КММ.
Педагогтер вебинарда өз тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік қолдау алды.