
Алматы қаласында география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті. Оған С.Сейфуллин атындағы гимназияның география пәнінің мұғалімі Беисова Арайлым Сәбитқызы қатысып, жүлделі оралды.
Әріптесіміз «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының ІІІ дәрежелі жүлдегері атанды.
Семинардың мақсаты – география пәні бойынша оқушыларды олимпиадаларға дайындау үдерісін тиімді ұйымдастыру әдістемелерімен таныстыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ зерттеу, талдау және кеңістіктік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи тәсілдермен тәжірибе алмасу.
Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы өткізілді. Іс-шараға қатысқан ұстаздар өздерінің теориялық білім деңгейін және практикалық дайындықтарын бағалап, олимпиадалық тапсырмаларды орындау арқылы тәжірибе алмасты.
Жеңімпаз ұстазға шығармашылық табыстар тілейміз!