«Болашағым – адал елде» атты қалалық сурет байқауы

«Болашағым – адал елде» атты қалалық сурет байқауы

«Сәтбаев қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды түсіндіру бойынша кешенді шараларды өткізу» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында «Болашағым – адал елде» атты қалалық сурет байқауы ұйымдастырылды.

8–9 жас аралығындағы балалар арасында өткен шығармашылық байқауға 80-нен астам сурет жұмысы қабылданып, жас суретшілер өз қиялындағы әділ әрі адал болашақты бояу тілімен бейнелей білді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
Бодықова Фарида — Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
Алиаскарова Ақбота — Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы;
Өмірзақ Мөлдір — Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға белсенді қатысып, шығармашылық көзқарас танытқан барлық жас қатысушыларға алғыс білдіреміз! Адалдық болашақ ұрпақтың өмірлік ұстанымына айналсын!