«Сабақты бақылаудың аспектілері» тақырыбында оқыту семинары

«Сабақты бақылаудың аспектілері» тақырыбында оқыту семинары

Сәтбаев қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдарының оқу ісі және әдістеме жөніндегі орынбасарларына арналған «Сабақты бақылаудың аспектілері» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинар спикері — Майбасова Үміт Амандыққызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиал басшысы.

Семинар барысында сабаққа кіріп бақылау жүргізудің әдістері, тиімді талдау жасау жолдары және кері байланыс беру тәсілдері қарастырылды.