МИЛЛИОНДАР ЕКІ ЕСЕЛЕНГЕН КҮН!
5 қазан - Ұстаздар күніне орай өткізілген облыстық салтанатты кеш - Сәтбаев қаласының білім бөлімі мен білім беру ұйымдарына, педагогтеріне облыстан ерекше сый сыйлаған кеш болды!
«Ұстаз - ұлағатты ұлы есім» атты облыстық салтанатты шарасында білім беру ұйымдары аясында өткізілген облыстық «ҮЗДІКТЕР БАЙҚАУЫ — 2025» байқау қорытындысы негізінде Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдары және педагогтері жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік директор» номинациясы бойынша
І орын - С.Сейфуллин атындағы гимназия директоры — ДЖАКИПОВА ГУЛЬСАНА АМАНТАЕВНА
«Үздік директор орынбасары» номинациясы бойынша
ІІІ орын - Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директордың орынбасары — БЕИСОВА ЛАЗЗАТ АМАНЖОЛОВНА
«Үздік әдіскер» номинациясы бойынша
ІІІ орын - Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері — МАКИШЕВА ЭЛЬМИРА ИОСИФОВНА
«Үздік әдістемелік кабинет» номинациясы бойынша
«СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ — 2 000 000 тг. сертификаты
«Үздік мектепке дейінгі білім беретін ұйым» номинациясы бойынша
«АЙНАЛАЙЫН» бөбекжайы — 2 000 000 тг.
«Үздік білім беру ұйымы» номинациясы бойынша
Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ — 2 000 000 тг.
Үздік тәрбиеші» номинациясы бойынша
ІІІ ОРЫН - №16 жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі — ЖОЛДЫБАЙ АҚТОТЫ
Үздік қосымша білім беру ұйымының педагогі» номинациясы бойынша
ІІ орын - Өнер мектебінің педагогі — ЕСТИЯРОВА СӘУЛЕ ТЫШКАНБАЕВНА
БӘРЕКЕЛДІ! ЖАРАЙСЫЗДАР! БІЗ СІЗДЕРМЕН МАҚТАНАМЫЗ!
Сәтбаев қаласында ұрпақтың білімі мен тәрбиесі үшін қосып жатқан еңбектеріңіздің жемісі бағалана берсін! Облысымызда мерейлеріңіз үстем, есімдеріңіз асқақ болып, марапаттарыңыз құтты болсын!!!