ҰСТАЗ-ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ
2 қазан күні Кеншілер сарайында кәсіби мереке - Ұстаздар күніне арналған «ҰСТАЗ - ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ» атты іс-шара білім бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты түрде аталып өтті.
Іс-шараға Сәтбаев қаласының әкімі Бөрібаев Мұрат Ерболатұлы, Ұлытау облысының сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Жакупбекова Гауһар Набиевна, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ" қоғамдық бірлестігі Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Шоқпытов Асқар Аманжолұлы шақырылды.
Олар ұстаздар қауымына құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерімізге марапаттар табыстады.
Мұғалімдер қауымы Ұлытау облысының «Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен» (6 мұғалім), Сәтбаев қаласының «Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен» (15 мұғалім ), Ұлытау облысы Білім басқармасының «Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен» (15 мұғалім ), Ұлытау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің алғыс хатымен (4 мұғалім ) марапатталды.
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізіліп, «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға: Жунусова Айнур Бактияровна, Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының география пәні мұғаліміне, Жекенова Айнагуль Жаксыбайевна, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғаліміне «Үздік педагог» атағы және куәлігін Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Ақышбеков Берік Базылұлы табыстады.
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығы мен шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген әскери-патриоттық «АЙБЫН 2025» жастар жиынының облыстық кезеңінен І орын алған Сәтбаев қаласының командасы Ақтөбе қаласында өткен халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысқан оқушылардың жетекшілері марапатталды.
Педагогикалық ұжымның шығармашылық қызметін дамыту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру жүйесінде озық педагогикалық және басқару тәжірибесін тарату, инновациялық әзірлемелерді қолдау, білім беру жүйесінде инновацияны дамыту және білім беру саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыруда қоғамның қатысуын күшейту мақсатында қаламызда жалпы білім беру және мектепке дейінгі ұйымдар арасында облыстық байқаудың қалалық кезеңі өткізіліп, нәтижесінде «Үздік тәрбиеші», «Үздік кітапханашы», «Қосымша білім беру ұйымының үздік педагог», «Үздік арнайы білім беру педагог», «Үздік психолог», «Үздік әлеуметтік педагог», «Үздік әдіскер», «Үздік директор орынбасары», «Үздік директор», «Үздік мектеп музейі», «Үздік қосымша білім беру ұйымы», «Мектепке дейінгі үздік ұйым», «Орта білім беретін үздік ұйым» номинацияларының орындары берілді.
Білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы Сәтбаев қалалық ұйымының төрағасы Ильясова Гүлнар Жұмабекқызы педагогтерге Республикалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Кәсіподақ ардагері» және «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін», Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстап, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен (14 мұғалім) марапаттап, екі қызметкерге тегін санаторлық – сауықтыру емделуіне сертификат жолдады.
"Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар, адал еңбегі және өзінің кәсіби міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Ұлағатты ұстаз», «Үздік пән мұғалімі», «Үздік сынып жетекші», «Үздік тәрбиеші», «Үздік ұйымдастырушы», «Өнерімен өнеге», «Тәлімгер - ұстаз», «Үздік жас маман» номинация иегерлеріне 100 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйақылары және диплом табысталды.
Білім беру ұйымдары арасында жасыл аумақтар құру, жаңашыл территориясын тәсілдер мен идеяларды пайдалана отырып, аула аумақтарын, білім беру ұйымының келбетті көгалдандыру және безендіру, үздік тәжірибені ілгерілету, ұйымдарды жасыл желекке айналдыру мақсатында «Білім беру ұйымдарын көгалдандыру - 2025» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы негізінде жүлделі орындар мен ақшалай сыйақы берілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар бойынша:
БАС ЖҮЛДЕ - “АҚБОТА” бөбекжайы КМҚК;
І ОРЫН - “АЙНАЛАЙЫН” бөбекжайы КМҚК;
ІІ ОРЫН - “БАЛДӘУРЕН” бөбекжайы КМҚК;
“БАЛАҚАЙ” бөбекжай КМҚК;
ІІІ ОРЫН - «НҰРБӨБЕК» бөбекжайы КМҚК, «КҮНШУАҚ» бөбекжайы КМҚК
Білім беру ұйымдары арасында:
БАС ЖҮЛДЕ - “№25 жалпы білім беретін мектебі” КММ;
І ОРЫН-“АБАЙ АТЫНДАҒЫ №4 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ” КММ;
ІІ ОРЫН - “№7 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ” КММ, “№16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ” КММ;
ІІІ ОРЫН- “ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ” КММ, «№27 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
Салтанатты іс-шараны республиканың “ҮЗДІК 100 МЕКТЕП” қатарына енген, білім мен тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан мектебіміздің бірі - Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары ашты. “БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ” “КӨКЕЙКЕСТІ” ансамблі “ЕР-ТҰРАН” күйін орындап, Жас мамандар ән-биін арнап, ардагер ұстаздарға сыйлықтар табыс етті. “ҚАРАҚАТ мектеп-студиясының жас таланттарының жетіген аспабымен орындауында “МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНА ҚАЙРАН ҚАЛАМ” әні шырқалды. “АЛАҚАЙ” үлгілі би ансамблі “ҚАМАЖАЙ” биімен өнер көрсетті.
Мерекелік іс-шара соңында әдіскер Сайдалина Эльмира Қыпшақбаевна «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН ҰСТАЗЫМ!» әнін орындап, ұстаз мерейін асқақтатты.
Құрметті ұстаздар, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!!!