«Мектебім - мейірім мекені»

«Мектебім - мейірім мекені»

Бүгін шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне келіп, барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау үні естілді! Барлық білім мекемелерінде "Мектебім- мейірім мекені" тақырыбында салтанатты іс-шарасы өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1145 балғын үшін бұл күн айтулы мереке болды.
1 сынып оқушыларының алғашқы қоңырау мерекесіне арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Осынау маңызды да мерекелі күні баршаңызға шаттық пен қуаныш тілей отырып, жаңа оқу жылының басталуымен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!