«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 2020-2021 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы ақпараты
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы деп білеміз. Осы орайда білім бөлімімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда қала педагогтарының басты назарында еліміздің болашағы өскелең ұрпақ бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің (12.03.2018ж. №04- 4/677) хатына сәйкес білім беру ұйымдарында барлық білім беру мекемелерінде «Адал Ұрпақ» клубтары ашылып, бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес осы клубтар қызметі ұйымдастырылған.
Қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және жастарға өздерін жақсы, адал тұлға ретінде тануға мүмкіндік беру мақсатында қала мектептерінде Сатушысыз дүкендер ашылды. Бұл дүкендерден оқушылар өздеріне қажетті кеңсе тауарларын өздері сатып алып отырады. Бұл жоба арқылы өскелең ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделуде.
«Парасатты азамат» ақпараттық бұрышы жандандырылып отырады. Жоспар бойынша төмендегі ісшаралар өткізілді:
Сонымен қатар барлық білім беру мекемелерінің 1-ші қабатында оқушылар мен олардың ата – аналары үшін құқық бұзушылықтың алдын алу, білім мекемелерінде заңсыз түрде ақша жинаудың алдын алу мақсатында сенім телефондары мен «Сенім жәшіктері» орналасқан. Білім бөлімі басшысымен осы мәселелер бойынша бұйрық шығарылып, мекеме басшылары жауапкершілігі туралы таныстырылған. Оқу жылы барысында оқушылар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуы туралы сауалнамалар жүргізіліп, қорытындыланып отырады. Құқықтық жалпы оқыту бойынша ұйымдастырылған ісшараларда үнемі жауапты тұлғалармен, құқық қорғау органдарының мамандары қатысуымен ата-аналар, оқушылар мен қала педагогтары үшін дәріс, ақпараттық сағаттарда кеңестер беріледі.
Білім бөлімінің қызметкелері және білім беру ұйымдарының басшылары үшін өткізілетін «Құқықтық оқыту» мектебі жұмысында белгіленген жоспар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңдары бойынша түсіндірмелі жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында білім бөлімінде және барлық ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындарда 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қаржыландыру және бухгалтерлік есеп «1–S бухгалтерия» жүйесіне көшірілді.
Барлық білім беру мекемелерінде QR код «Ашық бюджет» тақталары орналастырылып, онда әрбір білім мекемелеріне бөлінген қаржы мен оның игерілуі туралы мәліметтер салынып, қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Білім мекемелері веп-сайттарында «Ашық бюджет» бойынша барлық бөлінген қаражат, оның игерілуі туралы ақпараттар жарияланып, жаңартылады.
Сонымен бірге Кеншілер қаласы болғандықтан Мектепке дейінгі мекемелерге кезектің үлкен болу мәселесіне байланысты тұрғындарда бос орындарды бөлу бойынша сұрақтар туындайды. Ата-аналар тарапынан кезектің өзгеруін, арнайы санаттағы тұлғаларға орындар беру тәртібін толық түсінбеуіне байланысты, негізсіз күмандану туындайды.
Осы аталған мәселені және сыбайлас-жемқорлық қатерлерін болдырмау мақсатында «Мектепке дейінгі мекемелердің қызметін автоматтандыру» жобасын енгізіліп, жүзеге асырылуда.
Аталған жоба бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау үрдісін автоматтандыруға бағытталған. Кезекке қою ғана емес, сонымен бірге балабақшаға жолдама алу және қабылдау автоматтандырылып, мамандармен байланыссыз жүргізіледі.
Бұл жобада тоқсан сайын кезек бойынша өзгерісті және мектепке дейінгі мекемеге орын алған жағдайда SMS хабарламаларды автоматты түрде жіберіп тұрады.
Барлық мектепке дейінгі мекемелер, топтардың толымдылығы жайлы, бос орындар туралы мәліметтер, кезектің жағдайы және мектепке дейінгі мекемелер рейтингі туралы ақпараттарға білім бөлімінің сайтында тәулік бойы қолжетімді.
indigo24.kz. Мектепке дейінгі мекемелердің қызметін автоматтандыру» жобасы 2018 жылдың 1 қазанынан енгізілді.
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ-де «Адалдық алаңы» жобасы аясында құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Аталған жоба аясында білім бөлімімен қосымша білім беру мекемелері басшылары, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектеп директорлары мен барлық педагогтар дербес жауапкершілік туралы міндеттеме және шектеулерге байланысты құжаттармен таныстырылды.
Қарағанды облысының «Адалдық алаңы» жобасы аясындағы іс – шаралар жоспарына (бұдан әрі Жоспар) сәйкес 2019 жылдың маусым айынан бері қаламыздағы білім беру мекемелеріне 1-ші сыныпқа құжаттар қабылдау Білімал бағдарламасы аясында электронды - автоматты нысанға көшіріліп, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау электронды форматта жүзеге асырылуда.
Білім саласындағы ата-аналарды толғандыратын мәселелер мен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша туындайтын сұрақтарға білім бөлімінің басшысы, жалпы оқыту сұрақтары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі бас мамандары «Адал көмек» жобасы төңірегінде ұйымдастырылып жатқан ісшараларға әлеуметтік желілер бойынша тікелей эфир арқылы тыңдаушыларға әдістемелік көмектер көрсетілді.
2020-2021 оқу жылынан квазимемлекеттік сектор субъектілерінде балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері ашылды.Бұл қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның және жұмыскерлерінің ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету және осы бағыттағы ісшаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Бірінші басшы бұйрығымен білім ұйымдарында жауапты тұлға тағайындалып, лауазымдық нұсқаулықтары қосымша міндеттермен толықтырылды. Сонымен бірге әрбір мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтері ережесі құрылған.
Білім мекемелеріне жұмысқа қабылдаудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Еңбек кz» және бөлімнің ресми сайтында бос жұмыс орындары туралы мәліметтер салынып, үнемі жаңартылып тұрады.
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында 2018 жылдан бастап Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай – ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұрығына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер ҚР білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығы бойынша аттестаттаудан өтетін барлық педагогтар Ұлттық біліктілік тест тапсырады. Бұл іс – шараны USTUDY ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалы жүзеге асырады.
Білім бөлімінің және білім беру мекемелерінің Web – сайттарында барлық мемлекеттік қызметтің стандарттары орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша стандарттар, инфографика ақпараттандыру тақталары ілінген. Мемлекеттік қызмет алушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін білім мекемелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталған. Ата – аналар арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің электрондық нұсқасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі және бөлімінің сенім телефоны (34586) нөмірі ай сайын жергілікті «Шарайна» газетінде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарының бірінші қабатының көрнекті жерлерінде оқушылар, олардың ата – аналары және педагогтар үшін Қарағанды облысының білім басқармасының және қалалық білім бөлімінің сенім телефондары жазылған стендтер орналасқан.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтан адал өңірлер» жобаларының аясында білім беру ұйымдарында басшылық құрамға тиісті қызметтік үй – жайларды шағындандыру, ата – аналарға жақын және қолжетімді болу тапсырмаларын орындау үшін қаламыздағы барлық білім беру ұйымдары басшыларының кабинеттері 2019 жылдың наурыз айынан бастап ауданы 30 м.кв аспайтын 1-ші қабатқа көшірілді.
Сәтбаев қаласының білім бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бағытындағы ісшаралар жоспар бойынша әрі қарай жалғасып, жүргізілетін болады.