Қарағанды облысының білім басқармасы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Орналасқан орны(мекен-жайы): Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Шаталюк көшесі – 40
Лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге) |
|
|
А-1 – 3-1 |
3 жылдан 6 жылға дейін |
20 жылдан бастап 25 жылға дейін |
|
129011 |
156884 |
|
Үміткерлерге қойлатын біліктілік талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", “Педагог мәртебесі туралы”, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде қабылданады. Құжаттар тізімі:
1) осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін қажеттімәліметтерді мына мекен-жай бойынша білуге болады: Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.Сәтбаев даңғылы 111, 2 қабат, «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ, №223 кабинет, анықтама үшін телефон: 35100