Меню

Страницы

Статья

«ЖАҢАШЫЛ  МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» байқауының қорытындысы туралы

«ЖАҢАШЫЛ  МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» байқауының қорытындысы туралы

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және  «Сәтбаев қаласының  білім бөлімі» ММ әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 2021 жылдың 28 наурызынан 5 сәуірге  дейінгі аралықта жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту аясында «Жаңашыл мектепке- жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың V Республикалық байқауының  қалалық кезеңі  өтті.

Байқаудың міндеттері:

  • талантты жас педагогтарды анықтау;
  • педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
  • жас педагогтардың инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеу уәждемесін дамыту;
  • жас педагогтарды дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
  • педагогикалық қауымға жас педагогтардың жетістіктерін тарату.

Байқауға үш жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар 13 педагог қатысты. Байқау кезеңдері – қашықтық форматта ұйымдастырылды.

Бірінші тапсырма – «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.

Екінші тапсырма – «Шығармашылық жолдың бастамасы» бейнепрезентациясы. Байқауға қатысушы өзін таныстырып, мамандығына деген көзқарасын ұсынады. (бейнепрезентация уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс).

Үшінші тапсырма – «Ашық бейнесабақ». Байқауға жалпы орта білім беретін (1-11 сыныптар аралығындағы) барлық пәндер бойынша төртінші тоқсанда өтетін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бейнесабақтар қабылданады.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мына  педагогтар жүлделі орындармен және бағалы сыйлықтармен  марапатталды:

І орын

Тойлыбаева Ардақ Жұманқызы - «№1мектеп- гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

ІІ орын

Билецкая Дарья Анатольевна - «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ биология пәні мұғалімі;

Қалмағанбет Гүлжан Айтуғанқызы - №«Абай атындағы №4 мектеп- лицейі»     

КММ информатика пәні мұғалімі

ІІІ орын

Әбу Аида Саятқызы  - «№27 ЖББМ»КММ бастауыш сынып мұғалімі;

Балғабаева Арайлым Қуанышқызы- «№5 ЖББМ» КММ бастауыш сынып  мұғалімі.

Қатысушыларға сертификат берілді.

Дата публикации
14 апреля 2021
Дата обновления
14 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Мобильді топтардың қызметін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пайдалы ақпарат
10 февраля 2026
Орта білім беру ұйымдары
Хабарлама
01 декабря 2025
Жоба

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы