Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес облыстық "Зейін" жобасы аясында мектебіміздің математика пәні мұғалімі: Омарова Р.К. және география пәні мұғалімі: Наурызбаева А.Х. "оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты:Қала мектебі ұстаздары арасында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстармен бөлісіп, тәжірибе алмасу. Семинар барысында ұйымдастырушы ұстаздар өздерінің күнделікті оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарымен бөлісті. Қатысушы ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар айтылды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру ға арналған тапсырма түрлерімен танысты. Семинар мақсатына жетті. Алдағы уақытта мұндай семинарлар өз жалғасын табады деген сенімдемін.