«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»
атты қалалық семинар
Қазіргі тез өзгеретін әлемде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мен тәрбие өзекті болып отыр. Облыстық«Зейін» жобасы аясында «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 8 желтоқсанда «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты қалалық семинар өтті. Онда «Абай атындағы №4 лицей-мектебі» КММ мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Светлана Николаевна Денисюк математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша қалай жұмыс жасау керектігін айтты. Ол зерттеу, рефлексиялық дағдыларды дамытатын тиімді әдістер, қызықты және стандартты емес тапсырмалар ұсынды. Смайлова Назгүл Қонысқызы информатика сабағында компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Галина Петровна Кузнецова орыс тілі мен әдебиеті сабақтарына оқу сауаттылығын дамытудың қазіргі заманғы әдістерімен таныстырды.