Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі ұйымға қалай тіркелуге болады?

Мектепке дейінгі ұйымға қалай тіркелуге болады?

Баланы балабақшаға тіркеу үшін, ең алдымен мынадай шешімдерді қабылдау қажет:

  • балабақшаға баратын баланың жасымен;
  • және білім беру тілімен.

Тілдік және жас ерекшеліктеріне байланысты балабақшалардың орналасуы мен бала тәрбиесінің құнын білу қажет. Алгоритмнің келесі әрекеттері балабақшаның мемлекеттік қаржыландыруды пайдалануына немесе пайдаланбауына байланысты.

Егер балабақша жекеменшік болса немесе комерциялық топ туралы айтатын болсақ, онда сіз балабақша меңгерушісіне хабарласып, бос орындардың бар-жоғы және келісім шаттар туралы ақпаратты біліп алуыңыз керек. Бұл жағдайда екі тарап арасындағы барлық келіссөздер жеке түрде жүзеге асырылады және ешқандай жолмен реттелмейді.

Егер мемлекеттік балабақша немесе мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік (яғни, мемлекет толық немесе ішінара қаржыландыратын ұйымдар) балабақшаны қарастыратын болсақ, онда балаларды қабылдау тәртібі қатаң түрде анықталған және белгіленген ереже бойынша жүзеге асырылады.

Сондықтан баланы мемлекеттік немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекеменшік балабақшаға тіркеу үшін, сізге:

  1. кезекке қоюға өтініш бересіз;
  2. өз кезегіңізді және бос орынның пайда болуын күтесіздер;
  3. балабақшаға тіркелу үшін жолдама алу;
  4. алған жолдама бойынша балабақшаға келіп, келісім-шарт жасаңыз.

Кезек күтудің барлық сұрақтары, кезектерді қалыптастыру ережелері және балабақшаларға жолдама алу қатаң регламенттелген және тиісті заңнамалық актілерде сипатталған мемлекеттік қызметтер болып табылады.Мемлекеттік қызметтер белгілі бір мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі болып табылады және олар келесі негізгі қағидаттардың: көрсетілетін қызметті алушының тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлты, тілі, дінге, нанымға, тұрғылықты жеріне қатысты немесе басқа себептермен кемсітусіз тең қол жетімділігі негізінде

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіңде бюрократия көріністеріне жол берілмейді. Сондықтан бұл процедуралардың көпшілігі ақпараттық жүйелерді қолдана отырып автоматты түрде жүзеге асырылады. Автоматтандыру барлық жерде өтініш беруші мен қызмет көрсетушінің арасындағы сыббайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін және жеке байланысты болдырмау үшін қолданылады.

Балабақшаға кезекке тұру және тіркелу рәсімдері салыстырмалы түрде қарапайым, бірақ сіз өзіңіздің құқықтарыңыз бен жеңілдіктеріңізді (льгота) жақсы түсіну үшін оларды мұқият танысып шығуыңыз керек.

Осы мақаланың шеңберіндегі ең маңызды ұсыныс: баланы кезекке қою мүмкіндігінше ертерек жасалу керек. Мүмкіндігінше бала туылғаннан кейінгі бастапқы күндерінде.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мемлекеттің міндетті міндеті болып табылмайды. Мемлекет тек орта білім беруге міндетті.

Сонымен бірге мемлекет азаматтардың мектепке дейінгі білім беру қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік балабақшаларға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын белсенді түрде дамытып жатыр. Алайда іс жүзінде сұраныс ұсыныстан асып түседі.

Сондықтан, балабақшалардағы бос орындарға қол жетімділік кезек бойынша ұйымдастырылған. Ал балалар өтініш берген күнге сәйкес кезекке тұрады. Яғи, өтінім неғұрлым ерте берілсе, балабақшаға жолдама алу мүмкіндігі соғұрлым көп болады.

Дата публикации
12 февраля 2021
Дата обновления
12 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Мобильді топтардың қызметін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пайдалы ақпарат
10 февраля 2026
Орта білім беру ұйымдары
Хабарлама
01 декабря 2025
Жоба

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы