Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік осал топқа жататын отбасы балаларын МДҰ-да тегін тамақтандыру бойынша енгізілген өзгерістер туралы ақпарат

Әлеуметтік осал топқа жататын отбасы балаларын МДҰ-да тегін тамақтандыру бойынша енгізілген өзгерістер туралы ақпарат

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 шiлдедегi № 523 қаулысына сәйкес, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың мектепке дейінгі ұйымдарда (балабақшаларда) тегін тамақпен қамтамасыз етілу тәртібі өзгерді.

Бұрын бұл көмекті барлық көпбалалы отбасыларының балалары алса, енді тек әлеуметтік осал топқа жататын көпбалалы отбасыларының балалары ғана тегін тамақпен қамтылады. Атап айтқанда, тегін тамақтану құқығы:

  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасыларының балаларына;
  • АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының балаларына беріледі.

Яғни, тек көпбалалы болу енді бұл көмекті алуға жеткіліксіз. Отбасының нақты әлеуметтік жағдайы мен табыс деңгейі ескеріледі.

Осыған байланысты, егер де Сіз АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасы санаты қатарынан болсаңыз нақты растайтын анықтамалар мен құжаттар пакетін балабақшаға тапсыруларыңызға болады.

Қажетті құжаттар тізімі мен нақты талаптар бойынша толық ақпаратты балаңыз баратын балабақша әкімшілігінен біле аласыз.

Дата публикации
21 августа 2025
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Мобильді топтардың қызметін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пайдалы ақпарат
10 февраля 2026
Орта білім беру ұйымдары
Хабарлама
01 декабря 2025
Жоба

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы