Меню

Страницы

Статья

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы

 

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 2023 жылы мемлекеттік қызмет  көрсету туралы

 

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ  ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес 22 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Мекемедегі 22 мемлекеттік қызметтердің 10 бөлімде және 12 қызмет бөлімге қарасты ұйымдарда кеңсе, азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, онлайн форматта облыстық білім басқармасы енгізген бағдарламалар  және  www.egov.kz  электрондақ веб – порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық жағдайлар жасалған. Қабылдау бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге арналған  түйме орнатылған және тұрақты түрде жұмыс жасайды. Жеке тұлғалар үшін электрондақ веб – порталмен жұмыс істеу үшін интернетке жалғанған арнайы компьютер мен сканер құралы орнатылған және мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық портал арқылы көрсетуді арттыру мақсатында білім бөлімі мен барлық бізге қарасты білім беру ұйымдарында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштарын ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету үстелдерінде қызмет алу үшін жиналатын құжаттар тізімі-чек  парақтар қойылған.

Мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарты «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ веб-сайтында орналастырылған.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетумен 2 бас маман айналысады.

Жауапты мамандар қызмет көрсететін кабинеттерде Мемлекеттік қызметтердің стандарты ілінген стендтер орналасқан және дәл сондай стендтер білім беру ұйымдарында өздерінің қызмет көрсету саласына қарай ілінген.

Бөлімнің коридорында азаматтарға арналып мемлекеттік қызмет көрсетудің  инфраграфикасы (қызмет алу схемасы) бейнеленген стенд ілінген. Онда түрлі-түсті суреттер, схема арқылы кез келген азаматтың мемлекеттік қызмет алу қадамдары оңтайлы түсіндірілген.

«Cәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 

 

Барлық көрсетілген қызмет

Онлайн

(облыстық «indigo24.kz»,

«Е дарын» бағдарламалары)

www.egov.kz

ПЭП

(үкіметтік электрондық портал)

2021 ж

10930

4387

1031

2022 ж

9527

5632

1018

2023 ж

10266

2958

2532

Мемлекеттік қызмет көрсету саны 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда  0,7 % артты, оның ішінде электронды қызмет 5490 болса,  4735 қағаз жүзінде көрсетілді. Электронды қызмет көрсету күннен күнге артып келеді.

Білім бөлімі мамандарымен 2021 жылы 23, 2022 жылы 3 және 2023 жылы 6  мекемеде ішкі бақылау іс шаралары жоспарға сәйкес жүргізілді, барлық мемлекеттік қызмет өз уақытында көрсетіліп жатыр.  Білім беру ұйымдарына бөлім тарапынан стандарқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларлар дер кезінде таныстырылып отырады және біздің алдымызда  Мемлекеттік қызметтерді өзімізге қарасты бағдарламалар арқылы онлайн және электрондық веб портал арқылы көрсету санын арттыру мақсаты тұр.

           «indigo24.kz» порталы туралы

2018 ж 1 қазаннан бастап «Мектепке дейінгі мекемелердің қызметін автоматтандыру» мақсатында заман талабына сай «indigo24.kz» бағдарламасы енгізілді.

           Қазіргі таңда, қызмет алушы ата-аналар «indigo24.kz» порталы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды Интернет жүйесі немесе ұялы телефондары арқылы, баланың ЖСН- мен тіркеп, кез келген мекемеге мекен-жайы бойынша  порталға бос орын туралы мәлімет тускенде,  электронды жолдама алып, балабақшаларға бүлдіршіндер қабылданады, нәтижесінде 1254 бала осы бағдарламамен бала бақшаға орналасты, қазіргі таңда 2287 бала өз кезегін күтіп тұр.

Дата публикации
25 января 2024
Дата обновления
25 января 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2026
Мобильді топтардың қызметін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар
Пайдалы ақпарат
10 февраля 2026
Орта білім беру ұйымдары
Хабарлама
01 декабря 2025
Жоба

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы