«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 2023 жылға мектепкедейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Сәтбаев қаласы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесіҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілгенмектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы, 111. 26 желтоқсан мен 29 желтоқсан аралығында сағат 17.00-ге дейінұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2022 жылдың 29 желтоқсаны күні сағат 17.00-де қаралатын болады:Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылығ 111 үй, 56 кабинет.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; 8(71063) 33399.