Материалды- техникалық база және оқу – әдістемелік кешенді қамтамасыз ету
Материалдық- техникалық база бойынша 13 мектептің барлығында пандус орнатылған, ол 100% құрайды. 8 мектеп (№1,4,5,9,15,16,19,25) тұтқалы (поручень), 6 мектеп кеңейтілген есікпен жабдықталған.
2020 жылдың желтоқсан айында 2-і мектеп (№7, №25) сенсорлық кабинетпен, 1 мектеп (№16) Монтессори кабинетімен жабдықталды. Жергілікті бюджет есебінен 2020 жылдың желтоқсан айында №7 мектепке 2106272 теңге және №25 мектепке 1935354 теңге, №16 мектепке Монтессори кабинеті 4233000 теңге бөлінді.
2020-2021 оқу жылына «САТР» баспасынан ерекше қажеттілігі бар оқушыларға, яғни 8 сыныптар мен мектеп алды даярлық сыныбы оқушыларына 1215 650 теңгеге оқулықтар алынды.
Барлық мектептер техникалық құралдармен, яғни компьютермен жабдықталған.