Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі
Сәтбаев қаласының білім мекемелерінде «Инклюзивті білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жол картасы» шеңберінде инклюзивтік оқыту жүзеге асырылуда. Қала бойынша 13 мектептің 2-уі тәжірибелік алаң (№25, №7), 10 мектеп магниттік мектеп ретінде ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік өмірге белсене қатысуына қолдау көрсетуде. Білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілікті талап ететін балалар саны – 219. Осы балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстары педагогтар және мамандар тарапынан жүргізіледі. Сонымен қатар тиімді түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға қосымша арнайы жабдықталған кабинеттер мен дидактикалық дамыту құралдары өте қажет.