
Форумға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Саран қаласының әкімдігі мен білім бөлімінің басшысы, әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтарының өңірлік қауымдастықтарының төрағалары қатысты.
Форумның ашылу салтанаты «Ақан сері – Ақтоқты» театрландырылған қойылыммен басталып, «Қараторғай» әнімен жалғасты.
Форумға қатысушыларға Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Жаңбырбаевич Бейскеев, «Саран қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Арман Болатович Бақтыбаев және Саран қаласының балалар өнер мектебінің директоры Толқын Суиндиковна Мусалиева құттықтау сөз сөйледі.
Форумда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры, педагогика ғылымдарының магистрі Абдикерова Бакиткул Хималдиновна, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, докторант, педагогика ғылымдарының магистрі Қайырбекова Аида Құрманғазықызы, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы, халықаралық, республикалық байқауларының лауреаты Тапай Гүлмира баяндамалар жасады.
Музыка бөлімінің оқытушылары Нұрсафина Күләш Кураловна, Шаймұрат Сәлдет, Асқаров Жандос Серикович, Қияшева Марал Галымовна, Кузова Светлана Александровна және Вирц Оксана Аркадьевна форум тақырыбына арналған ашық сабақтар өткізді.
Көркемөнер бөлімінің оқытушылары Хаванцева Татьяна Михайловна, Сүлейменова Гүлсім Галымовна, Бейсекеева Светлана Абляновна, Солодкова Светлана Александровна, Хохлова Валентина Серыковна, Тупикин Владислав Евгеньевич Ақан сері өміріне арналған түрлі көркемөнер техникасының шеберлік сабақтарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың көркемсурет жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Форумның жабылуында К. К. Нұрсафина жетекшілік ететін қазақ халық аспаптарының фольклорлық ансамблі, мектеп түлегі, бүгінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенті Рымхан Әбілхайырхан, С. С. Тулепова жетекшілік ететін қобызшылар ансамблі, Б.Г. Жакубаева жетекшілік ететін оқушылардың вокалдық триосы өнерлерін көрсетті
Форумды Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Арман Болатович Бақтыбаев қорытынды жасап, әдіскер Шаймұрат Сәулеш рефлекция жасады.