
Құрметті ата-аналар!
Саран қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау басталуда. Электрондық жүйелермен жұмыс істеу кезінде (indigo-obrazovanie-saran.e-orda.kz электронды порталымен) сақ болуды және абай болуды сұраймыз. Өз дербес мәліметтеріңізді, есептік деректеріңізді ешқашан ешкімге бермеңіз!
Бұл әсіресе балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау мәселесіне қатысты. Өкінішке орай, интернет желісінде азаматтарды адастырып, балабақшаларға ақылы түрде жолдама алып беру бойынша қызметтерді ұсына отырып, әрекет етуші тұлғалар кездесуде.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай адамдардың әрекеттері заңсыз болып табылады. Жеке кабинет иелерінің ешқайсысы үшінші тұлғаларға қолжетімділікті беруге құқығы жоқ.
Ақпараттық жүйе жұмыс басталар алдында немесе қызмет көрсетер алдында әрқашан пайдаланушыдан жұмыс ережелерімен танысуды талап етеді.
Сіздің дербес деректеріңіз (ЖСН, телефон номерлері, жеке кабинеттің есептік жазбалары) – бұл қазіргі заманғы цифрлық құндылық. Мұндай ақпаратты өзге адамдарға бергеннен кейін, біраз уақыттан соң Сіз күтпеген және жағымсыз жағдайға жолығуыңыз мүмкін. Кезекке тұру, балабақшаға тіркелу және басқа да электрондық қызметтерді алуды ата-ана өз бетінше жасауы керек. Тіпті балабақшаның өзі сіз үшін мұндай опперацияларды жасай алмайды! Өз дербес деректеріңізді тек өзіңізде ұстаңыз!