
2022 жылдың 04 мамырында Саран қаласындағы Абай атындағы ЖББМ акт залында ХХШ қалалық Абай оқулары өткізілді. «Абай оқулары - 2022» іс-шарасына қала мектептерінің 8-11-сынып оқушылары қатысты.
Абай оқуларының мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сайыстың ережесі бойынша қалалық ХХШ «Абай оқулары» 6 кезеңнен тұрды:
1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына және мәнерлеп оқуына байланысты бағаланды.
2. «Аайдың қарасөздерін» жатқа, мәнерлеп айту. Бұл номинация Абай қарасөздерін толық білуі бойынша бағаланды.
3.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинацияда оқушының шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы және жатқа білетін шығармалар саны бойынша бағаланды.
4.«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша оқушылардың Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланды.
5.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Абай үлгісімен қалам тербеп жүрген жас ақындар өз шығармашылығынан өлеңдерін оқыды. (оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланды.)
6.«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Абай мен Шәкәрім шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу. Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылды. Оқушы бір тақырыпты таңдап, 1сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырды.
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысында 9 талапкер, «Абайдың қарасөздерін» жатқа айту сайысына 4 талапкер, «Абайдың ақын, шәкірттерінің шығармалары» сайысында 1 талапкер, «Көңілім әнді ұғады» сайысында 11 талапкер, «Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда» жас дарындылар сайысында 4 талапкер, «Ұлылар әлемі» номинациясында 16 талапкер бағын сынады.
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысы бойынша Абай атындағы ЖББМ Айдынқызы Ақниет 1-орын, №13 ЖББМ оқушысы Гусейнова Мираль -2-орын, №7 мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Зайтхан Алтынбек -2 орын, №7 мектеп-интернатының 5-сынып оқушысы Тлеуғабылова Гүлназ -3-орын, №16 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Игенова Ақнұр -3-орын, №16 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Кусайынова Лунара- 3-орын .
Алғыс хат иегерлері : №6 ЖББМ 9-сынып оқушысы Чапурина Яна, №17 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Айтбай Арнұр, №16 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Гончаров Роман.
«Абайдың қарасөздерін» жатқа айту сайысында Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Ахат Нүрәлі-3-орын, №7 мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы Ақатов Зият 3-орын. Алғыс хат иелері: №17 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Мугазова Мариям, №16 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Сайлаубек Ислам.
ІІІ номинация «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бойынша Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Бекен Шұғыла -1-орын.
Көңілім әнді ұғады» атты ІҮ номинация бойынша «Балалар өнер мектебінің 5-сынып оқушысы Зайтхан Алтынбек -1-орын, «Балалар өнер мектебінің 8-сынып оқушысы Спицына Доминика-2-орын, Абай атындағы жалпы білім береін мектепті 7-сынып Таттығалы Нұрдана-3-орын. Алғыс хат иегерлері : №1 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Желенкова Варвара, №2 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Чаниева Юлия, № 6 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып Попов Алина Викторовна, Пештерян Ангелина Юрьевна, «Балалар өнер мектебінің 6-сынып оқушысы Түсіпұлы Балғынбек, «Балалар өнер мектебінің 6-сынып оқушысы Рамазанова Кәусар, №16 жалпы білім беретін мектебінің мектебінің 7-сынып оқушысы Каштаева Ұлту.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткері Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Еркін Зере-1-орын, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Темирбек Айсана -2-орын, №16 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Орынбасар Еркебұлан-3-орын, №16 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы Бодыш Ақзер-3-орын.
«Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша №1 мектеп-лицейі Башкатова Анна, №1 мектеп-лицейі оқушылары Шиховцова Полина, Тарасова Екатерина-2-орын, Абай атындағы ЖББМ оқушылары Калим Сабина, Серікқызы Жансая -3-орын, №7 мектеп интернаты оқушысы Карсембай Мариям-3-орын. Алғыс хат иегерлері: №1 мектеп-лицейінің оқушылары Минакова Кристина, Шмелева Алина, №16 ЖББМ оқушылары Ибрахим Айдина, Нұрпейсова Гүлнұр, Еркін Аружан, Түгелбай Фатима.