
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Саран қаласы білім бөлімімен және №17 мектеп-гимназиясымен бірлесіп 2022 жылғы 19 сәуірде онлайн-режимде бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім сапасын арттыруда мектеп драматургиясы және өлкетанудың рөлі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға Қарағанды облысының білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын драматургия және өлкетану арқылы арттыру бойынша сабақ және сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп, педагогтер тәжірибе алмасты.
Семинарда №17 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері өлкетану компонентіне сүйене отырып, театр педагогикасы бағытындағы жұмыс тәжірибесін ұсынды. Сондай-ақ воркшоптар өткізіліп, театрландырылған қойылымдар және мұражай сабақтарынан алынған бейнесюжеттер көрсетілді.
Семинарды қорытындылау барысында қатысушылар жоғары баға беріп, театр педагогикасын өз жұмыстарында қолданудың маңыздылығын атап өтті.