
2022 жылдың 23 ақпанында YouTube платформасында "Шабыт шаттығы" балалар музыка мектептері мен өнер мектептері педагогтері арасында VI аймақтық қашықтықтан орындаушылық шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының №1 балалар музыка мектебі.
Байқаудың мақсаты: балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының педагог-музыканттарының шығармашылық әлеуетін қолдау.
Міндеттері:
- Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері педагогтерінің қызметін ынталандыру және кәсіби шеберлігін арттыру,
- Балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің педагогтары арасында тәжірибе алмасу.
Байқау "Ансамбльдер" номинациясы бойынша өтті. Байқауға облыс бойынша барлығы 22 ансамбль қатысты.
Қатысушылардың баяндамалары YouTube платформасында орналастырылды.
Саран қаласының Балалар өнер мектебі сайысқа қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектеп педагогтары жүлделі орындарға ие болды:
2 орын-А. М. Минебаевтың фортепианолық ансамблі, А. Р. Еремей
3 орын-вокалды-аспаптық квартет: С.Шаймұрат – вокал, О.С.Нагребецкий – скрипка, О. Н. Габдрахимова – виолончель, В. В. Аханова – флейта.
3 орын - "Наз қоңыр" фольклорлық ансамблі. Жетекшілері: Т.С.Мусалиева, А. А. Рыскелдинова
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!